Жамағатқа Құрбан айт мерекесіне арналған көрнекілік таратылды
24 тамыз, жұма күні орталық "Иманғали" мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа Құрбан айт мерекесі туралы дайындалған брошюралар таратылды.Көрнекі құралда қасиетті мерекенің мәні, маңызы туралы ақпарат жазылған. Сондай-ақ, құрбан малға қойылатын талаптар туралы да мәліметтер алуға болады. Жиналған жамағат мереке алдындағы тосын сый үшін, мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
«ИМАНҒАЛИ» орталық мешітінің баспасөз қызметі