Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мейрамбек Қожахметов - Құрманғазы ауданының бас имамы

 Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Махамбет, Құрманғазы аудандарында екі бірдей кадрлық өзгерістер орын алды.

Бұған дейін облыстың өзге өңірлерінде абыройлы қызметімен танылып келген Қожахметов Мейрамбек Ержанұлы Құрманғазы ауданының бас имамдығына тағайындалды. Жаңа қызметке кіріскен Мейрамбек Ержанұлын жергілікті жұртшылыққа  «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Ғазизов Мұрат таныстырды.

Айта кетелік, Мейрамбек Қожахметов 2014 жылы мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық «Бәйтерек» мешітінде бас имам қызметін атқарды. 2015 жылы Махамбет аудандық «Исатай – Махамбет» мешітіне бас имамдыққа тағайындалды. Осы өңірде екі жылдай қызмет атқарған Мейрамбек Ержанұлы кеше қызметін Құрманғазы ауданына ауыстырды.

Ал, бұған дейін Құрманғазы ауданында бес жыл бойына бас имамдық еткен Нұрлан Жарқымбаев отбасылық жағдайларына байланысты қызметін Алматы қаласына ауыстырды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға