Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Махамбет ауданында кадрлық өзгерістер болды

Кеше Махамбет ауданына бас имам тағайындалды. «Исатай - Махамбет» аудандық мешітіне қызметке келген Иманғалиев Ержан Насихатұлын жергілікті жұртшылыққа Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров таныстырды.

Ислам дінін дәріптеу жолында қызмет етудің қайырлы амал екендігін айтқан ол, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен жаңа қызметке тағайындалып отырған Ержан Иманғалиев имамның жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетелік, Ержан Иманғалиев Жылыой ауданының тумасы. 2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінде білім алды. 2016 жылға дейін Жылыой мұсылмандар мешітінде наиб имам қызметін атқарды. Кейін исламтанушы мамандығы бойынша ғылым магистрі атанды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға