Орталық мешітте бір күнде екі қайырымдылық шарасы өтті
Қашанда ізгі істердің басы-қасында жүретін "Иманғали" орталық мешітінде тағы да қайырымдылық акциялары өтті. "Мектепке жол" , "Қайырымды бол" акциялары аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға бір жолғы көмек көрсетілді. Азық-түлік пакеті мен оқу құралдары жиынтығын қамкөңіл жандарға "Иманғали" орталық мешітінің ұстазы, əйелдер-қыздар секторының міндетін атқарушы Бибінұр Кармысқызы тапсырды.
Айта кетелік, қайырымдылық акциялары аясында бес отбасы азықпен, он сегіз бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ізгі іс ертең де жалғасын табады.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі