Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

140 отбасының балаларына оқу құралдары тапсырылды

 «Мектепке жол» акциясы аясында бүгін 140 отбасының балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер тапсырылды. «Иманғали» орталық мешітінде өткен қайырымдылық шарасында жалғыз басты, аз қамтылған, көп балалы отбасылар қамтылды.

Мұқтаж жандарға жан жылуын сыйлаған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ізгі іске жамағаттың тікелей ықпал етіп отырғандығын айтты.

 «Басқаға қол ұшын созуды, материалдық көмек көрсетуді біреулер шығын, желге ұшқан қаражат деп ойлауы да мүмкін. Әсте олай емес. Жаратушы Иеміздің тарапынан әрбір жұмсалған жәрдемнің қайтарымы болатыны жайында айтқан уәдесін ұмытпауымыз керек. Қасиетті Құрандағы: «Жақсылықтың сыйы тек жақсылық қана емес пе?» («Рахман» сүресі 60-аят) деген сөздер осыны меңзейді» деген бас имам Батыржан Мансұров, Алла ризалығы үшін жақсылық жасаудың сауабы мол екендігін айтты.

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға