Жылыой мешітінде енді қасапхана жұмыс істейді
Атырау облысының Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде қазіргі заманға сай жабдықталған қасапхана ашылды.
Мешіт жанынан ашылған қасапхана ірі қара және қой малын союға арналған. Замануи қондырғыларымен жабдықталған мал сою орны жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынды.
Қосымша ғимараттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы «Адал мал сою асыл дініміздің талабы, Құрбан айт қарсаңында ашылған бұл ғимараттың маңызы ерекше. Алла Тағала осы ашылған орынның берекеті мен жақсылығын нәсіп еткей» деп дұға оқыды.
Айта кетелік шараға Жылыой ауданы әкімі орынбасары Нұрадин Өмірбаев, жергілікті жамағат, қажылар қатысты.