Жылойда «Мектепке жол» шарасы өтті
«Мектепке жол» қайырымдылық шарасы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде де өтті. Оған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Б. Мансұров, Жылыой аудан әкімі орынбасары Н.Өмірбаев, Қажылыр төрағасы Ж. Тұрмағанбетов, аудан имамы А.Исаев қатысты. Бас қосу өкіл имамның құран оқуымен ашылды.
«Мешіт жұмысыныңнегізгі төрт бағытының бірі – қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Әдетте, өмірдің өзі сынақтан тұрады. Алла Тағала біреуге байлық беріп сынайды. Енді бірін жоқшылықпен сынайды. Осының бәріне сабырлық қажет» деген өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы, оқушылар жақсы білім алса, еліміздің тірегі болатынын айтты.
Акция аясында әр оқушыға оқу құралдарымен қатар сөмке де берілді. Кейбір жанұялардың тұрмыс жағдайының төмендігі ескеріліп, мектеп киімдері қоса табысталды.
Айта кетелік, ислам бейбітшіліктің, сонымен бірге, ілім мен ғылымның діні. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген.
«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.