Жастар табиғат аясына сейілге шықты
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, "Иманғали" орталық мешіті жанына құрылған "Иман жастары" тобы табиғат аясына сейілге шықты. Бастамашыл жастар орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев пен мешіт ұстазы Еламан Бегалиевтің уағыздарын тыңдап, көптеген сауалдарға жауап алды. Әсіресе, дін мен дәстүр сабақтастығы, ислам дініндегі изгілік, бауырмалдылық, туыстық қатынастарды сақтау, некеге беріктік мәселелері кеңінен талқыланған тақырыптардың бірі болды. Айта кетелік, табиғат аясына саяхат Махамбет ауданы аумағына қарасты "Баклан" демалыс орнында өтті.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі