Есенгелді-Нұршайұлы мешітінде Құрбан айт мерекесін ерекше аталып өтілді
Ислам әлемі аңсай күтетін атаулы мерекелердің бірегейі –Құрбан айт. Асыл дінімізде бұл айтулы мерекенің алар орны ерекше. Қасиетті Құрбан айт барша мұсылманның бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады.
Құрбан айт намазына Жылыой халқы таң сәріден жиналды. Айт намазының алдында «Есенгелді-Нұршайұлы» мешіттің имамы Қанапия Құрбан айттың артықшылығы жайында уағыз - насихат айтқаннан кейін, барша жамағатты және әлем мұсылмандарын ұлық мереке қасиетті құрбан айтпен құттықтады. Айт намазындағы жалпы дұғада мешіт имамы:«Құрметті жамағат, Алла Тағала жасаған жақсылықтарыңызды, ақ ниеттеріңіз бен шынай пейілдеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Алла Тағала Отанымызға әрқашан береке-бірлік берсін, отбасыларыңызға амандық, саулықты нәсіп еткей. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жетуге жазсын.» — деген ізгі тілегін білдіріп, дүниеден өткен мархұмдарға құран бағышталды.
Мешіттен шыққан жамағат аулада тігілген ағаш үйге кіріп, айтқа арнайы әзірленген дәмнен ауыз тиді.Құрбан айттың үш күнінде арнайы қайырымдылық шара өтіп, құрбандыққа сойылған малдың еттері тізім бойынша жағдайы төмен мұхтаж жүзден астам отбасыларына таратылды. Бұл сауапты іске қала тұрғындары және мешіт жамағаттары ерекше үлес қосты. Сондай-ақ мешіт жанына қазақша күрес,кір көтеру, арқан тартыс сайысы ұйымдастырылып, балаларға арналған ойын батуды орнатылды. Бүдіршіндердің көңілі шат- шадман болып айт күнінің қуанышын сезінді. Жаратушы иеміз баршамызға иман, дін амандығын нәсіп етсін.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі