Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыой мұсылмандар орталық мешітінде Құрбан айт мерекесі өтті

Исі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті Құрбан айт намазын оқумен қарсы алды. Қасиетті құрбан айт мерекесі «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітіне ағылып келушілердің санында шек болмады.
        Құрбан айт намазының алдында ұстазымыз Біләл Сағындықов қасиетті Құран Кәрім оқумен бастады, мешіт ұстазы Дастан Сулейменов білім алудың пайдалары, қасиетті Құрбан айт мерекесінің шығу тарихы мен құрбан шалудың маңызы жайында уағыз айтты. Жылыой орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев Құрбан айт намазын оқуға келген халыққа мерекемен құттықтады. Жылыой аудан әкімінің орынбасары Нураддин Жұмашұлы барша мұсылмандарды ұлы мерекемен құттықтап барша мұсылмандардың үйінде ардайым осындай қуанышты той болуын тіледі.

Құрбан айт намазын оқып, жаңа ашылған қасапханада малдар шалынып, шариғат шарттары бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы, көп балалы аналарға арнайы тізім жасалып, құрбандыққа шалынған малдың еттері үлестіріліп таратылды. Сондай-ақ спорт сүйер қауымға қазақша күрес, кір тасын көтеру, қол күрестері ұйымдастырылып жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірілді. Бүлдіршіндерге арнайы батуттар, ойын алаңдары құрылды. 

 

 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі 

Жоғарыға