Раббың үшін Құрбан шал
Атырау қалалық Қ.Мұңайтпасов мешіті жылдағыдай құрбан айт малының етін мұқтаж жандарға тарату рәсімін жалғастырды.Биыл Теңдік Ақсай Ақжар Жұлдыз Привокзальный, Бесікті ауылдарынан көп балалы отбасы мен мүгедек жандар саны көп қамтылды. Барлық тізімдегі көмек көрсетілуге тиісті отбасылар белгіленген уақытқа шақырылып мешіт имамы Н.Сүндетов өз қолымен тарту жасады. Разы болған құрбан шалушы жомарт жандар мен мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірген аналар батасын берді.
Қ.Мұңайтпасов мешітінің баспасөз қызметі
