Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Доссор кенті «Сатен-Шамек» мешіті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті

     Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен,

Алла Тағаланың рұхсат берілген ең үлкен Ұлық екі мерекеміздің бірі Құрбан айт мерекесі баршамызға құтты болсын! дей отырып Барша Доссор кентінің жамағаты таң сәріден мешітке ағылды. Айт намазының алдында Доссор «Сатен-Шамек» мешітінің имамы Бердикулов Батыр ағамыз Құрбан шалудың және Құрбан айт мейрамын атап өтудің маңыздылығын және тарихын қысқаша уағыз-насихат қылып айтып өтті. Жастар арасындағы ауызбіршілік, елімізге деген жанашырлық жөнінде де сөз қозғап өтті. Және де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының«ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫҚТАУЫН» Доссор кентінің жамағатына жеткізді.

      Мешіт жамағаты аулада тігілген киіз үйге кіріп, айтқа арнайы даярланған дәмнен, бастырылған палаудан ауыз тиді. Құран оқылып Айт дастарханында арнайы келген Сатен-Шамек ұрпағы мешітін салдыруға үлес қосқан Исмагулов Марат ағамыз бастап, ауыл Ақсақалдары Табылды, Марат ағаларымыз және Ақжаулықты Әжелеріміз Үміт әже, Злиха әжелерімізде ризашылық тілектерін білдірді.

     Құрбан айттың үш күнінде арнайы қайырымдылық шара өтіп, құрбандыққа сойылған малдың еттерін Әкімшілік берген тізім бойынша жағдайы төмен, мүгедек, мұқтаж жан ұяларға отыздан астам отбасыларына таратылды.

    Кәсіптерімізге береке, Жан ұяларымызға қуаныш, Елімізге тыныштық, Елбасымызға ден саулық, отанымызға өркендеуін тілеп Алладан сұраймыз, осы Құрбай айтымыздың қылынып жатқан қызметтеріне, дұғаларына, тілектерінің құрметіне қабыл ала көр Алла!

 «Сатен-Шамек» мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға