"Құрбандағы қайырымдылық"
Қ.Мұңайтпасов мешітінде Құрбан мерекесінің екінші күні қарттар үйі мен балалар үйінің мүгедек жандарына арнайы дастархан жайылып,мешіт имамы Н.Сүндетовтың ұйымдастыруымен құрбан айт мерекесіндегі қайырымдылық шара өз жалғасын тапты.Шараға арнайы ақсақалдар алқасы ,Теңдік ауылының әкімшілігі ,Жұлдыз мөлтек ауданының қарттары қатысты.Ұйымдастырылып отырған игі іске мешітіміздің жамағаты Манарбек Өтегенұлы өз үлесін қосты.Қонақтар риза болып,зағип мүгедек балалар мен қарттар бой жазып демалып қалғандарына қуанысып тарасты .Батаменен көгерер демекші,Алла Тағаланың бұйрығы мен Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша жасалған амалдарымыз қабыл болсын деген тілекпен ақсақалдар батасын берді.
Атырау қалалық "Қ.Мұңайтпасов"мешітінің баспасөз қызметі
.