Құрбан айт мерекесінде Жылыой аудандық жамағаттардың бас қосуы
Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Жылыой ауданына қарасты аудан, ауыл жамағаттары айттық дастарханда бас қосты. «Жылыой орталық» мешітінің бас имамы А. Исаев, мешіт ұстаздары құрбандық шалу жайында, ынтымақ-бірлік, исламдағы достық жайында әсерлі уағыздарын айтты. Жамағаттардың ұйымдастыруы мен Жылыой ауданына қарасты мешіттер арасында білім жарысы өтті. Сондай-ақ жамағаттар арасында арқан тартыс, кір көтеру, қол күрес және ұлттық ойындардан жарыстар өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. Осы жылғы Құрбан айт мерекесін жамағаттар ерекше атап өткізді.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі