Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тұрғызба ауыл мешітінде Құрбан айт мерекесі өтті

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт күні Тұрғызба ауылының жамағаты мешітке жиналып, Айт намазы оқылды. Айт намазының алдында мешіт имамы Асыланбек  Есқайыров Құрбан айттың артықшылығы туралы уағыз айтып, халықты мерекемен құттықтады. Тұрғызба ауылдық мешіт имамы және жамағаттардың ұйымдастыруы мен ұлттық ойындар, жастар арасында бәйге жарысы өтіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Бүлдіршіндерге арнап мешіт ауласына үрмелі батут құрылып, тәттілер таратылып, ауыл ақсақалдары мен тұрғындарға және жамағаттарға айттық дастархан жайылып, сол жайылған дастарда әсерлі уағыздар айтылды. 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Жоғарыға