Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Индер ауданыңдағы Қасиетті Құрбан айт мерекесі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырау облысы Индер ауданына қарасты мешіттерде таңғы сағат 7:00 де мешіт имамдарының уағыз айтуымен басталып , 7:30 да айт намазы оқылды. Мешітте жиналған жамағат саны жылдағыдан да көп болды. "Әйіп қажы" мешітінің ауласында киіз үй тігіліп, жамағатпен аудан тұрғындарына ас берілді."Әйіп қажы" мешітінің Бас Имамы Ералы Қамзағалиев уағыз айтып, жамағатқа құрбан шалу туралы түсіндірі. Айтқа жиналған жамағат ізгі тілектерін білдіріп, ақсақалдар баталарын берді. Мешітінің ауласында Құрбан шалынды. 30 қой, 1 сиыр сойылып «Наркологиялық диспансер» ем алушыларына, жағдайы төмен, мұқтаж, жетім, жесір 100 жанұяға ет таратылды. Есбол аулында 1 сиыр 3 қой  сойылып 35 жанұяға берілді, және де Жарсуат аулында 18бас қой сойлып 60 жанұяға берілді.Кешкілік  «Жеңіс саябағында» Құрбан айттың құрметіне қазақша күрес, қол күштесу, кір тас көтеруден спорттық шаралар өтті. Жүлдегерлерге кубок, медаль, алғыс хатпен сыйлықтар табысталды. Саябақта батут орнатылып, жас бүлдіршіндерге түрлі тәттілер таратылды. Аудан Әкімінің орынбасары  Шамұратов Дарын, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев тілектерін білдіріп, Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Терме, өлең, діни әндер айтылып жиналған халықтың алғысымен тарқасты.

 

 

Индер аудандық баспасөз қызметі.

Жоғарыға