Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Махамбет аудандық мешітінде өткізілген Құрбан айт мерекесі

Ауданымызда дастархан жайылып, бас имам Иманғалиев Ержан уағыз-насихат айтып бастады,  қарт кісілер құттықтау сөздерін айтып және баталарын берді. Құрбандық ірі қара сиыр мен қойлар шалынып,тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Махамбет ауданында Құрбан айт мерекесіне орай бірнеше іс шара өткізілді: қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, еркін күрес, фудбол. Жеңімпаздарға силық кітаптар, бас жүлдеге қой берілді. Балаларға батут құрылып, тәттілер таратылды. Құрбан айтта ізгі ниеттерімізбен шалған құрбандықтарымызды Алла тағала қабыл етсін.

Махамбет ауданы мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға