Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қосшағыл ауылында Құрбан айт мерекесі тойланды

Жылыой ауданы , қосшағыл ауылы «Қосшағыл ауыл» мешітінде Құрбан айт намазын оқылды. Құрбан айт намазының алдыңда уағыз насихат айтылып, айт намазының оқылу тәртібі көрсетілді. «Қосшағыл ауыл» мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы  айт намазын келген халыққа оқып берді. Мешіт имамы және жамағаттардың ұйымдастыруы мен мешіттің алдына ағаш үй құрылып айттық дастархан жайылып, спорттық шаралар, балаларға батут құрылып, бүлдіршіндірге сыйлықтар үлестіріліп, жүздеріне күлкі сыйлады. Спорттық шаралардан жүлделі орын алғандарға арнайы сыйлықтар берілді.  «Қосшағыл ауыл» мешітінің имамы келген халыққа, ауыз біршілік, ынтымақ турасында уағыз айтып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ауыл ақсақалдары, ана-аналар, жамағаттарға мешіт имамдарына  алғастарын айтты.

 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі 

Жоғарыға