"Иманғали" орталық мешіті 12 балаға сый жасады
Атырау мешіттерінде "Мектепке жол" акциясы жалғасуда. Бүгін "Иманғали" орталық мешітінде аз қамтылған отбасылардың он екі баласына мектеп формалары және оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. Балаларға тосын сыйды ортылық мешіттің қалыптасуына білім мен ғылымның ықпалы туралы әңгімелеген наиб имам оқушыларға сәттілік тіледі. Мешіт ұжымына разылығын білдірген ата-аналар, дін қызыметкерлерінің қамқорлығы үшін алғыс айтты. "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі