«Берсең, балаға бер!»
«Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаровтың ұйымдастыруымен «Берсең, балаға бер!» тақырыбы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Осыған орай, мешіт қызметкерлері Атырау облыстық туберкулез ауруханасының басшысы С.Табылдыұлымен кездесіп, аталмыш ауруханада ем алып жатқан бүлдіршіндерге арнап 15 қорап балалар жөргегін, жиырма балаға ойыншықтар мен бір дана су диспенсерін тарту етті.
Сондай-ақ, Атырау қаласында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп директоры Б.Имашевамен кездесіп жағдайы төмен отбасы балаларына оқу құралдары мен киім-кешек алып берді.
Қайырымдылық іс-шараның мақсаты - тағдыр тәлкегіне душар болған балалардың өмірге деген құлшынысын арттыру болып табылады.
«Құспан молла» мешітінің баспасөз қызметі
