Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Мәулімберген» мешіті тазалық күнін жүргізді

          Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен мешіт ұжымы құлшылық үйінің айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Әудем уақытта қыруар шаруа атқарылды. Мешіт ұжымы игі істерді алға қарай да жалғастыру ойыменен тарқасты.

          Алла Тағала тарапынан пайғамбар Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) түсірілген қасиетті Құран-Кәрімнен негізін алатын Ислам шариғаты – мұсылмандарды ең алдымен тазалыққа  үндейді. Асылында, жан мен тән тазалығы ұштасқанда ғана адамзат баласы алға басып, Жаратқанның рахым-берекетіне бөленбек.

  Әрбір мұсылман баласы да барынша тазалыққа мән беруі тиіс. Үй-жайынан бастап, көкірек сарайы яғни, пендешілік пейілі таза болмайынша, дұға-тілектерінің де қабыл болуы неғайбыл. Әрине, әркім өз іс-әрекетіне жауапты. Дегенмен, асыл дініміз барша мұсылман баласына бір-біріне кәусар бұлағындай пәк-таза пейілде болуға үндейді. 

 «Мәулімберген» мешіті.

Жоғарыға