Демеушілердің көмегімен «Мәулімберген» мешітінде жылу қазандығы іске қосылды
Алғабас ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде демеуші азаматтардың көмегімен биыл қуатты жылу қазандығы іске қосылды.
«Бұрындары үлкендер «Аталарың мешіт ұстаған» деп отыратын. Бүгінде сол бабаларымыздың ұрпақтары Алла разылығы үшін асыл дінімізге қызмет қылуда. Әлімсақтан мұсылман атанған ата-бабаларымыз қазақтың сайын даласын Алланың бірлік дініне шақырып, Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.)-ның өнегелі өсиет-хадистерімен өскелең ұрпағын тәрбиелеген. Алтай мен Атыраудың арасын еркін жайлап, өркениеттің өзегіне айналған. Сән-салтанатты қала мен медресе-мешіттер мыңдап саналған. Біз сол баһадүр бабаларымыздың жолын жалғастырып, болашаққа бет алған саналы ұрпақтармыз» дейді «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.
«Мәулімберген» мешітінің баспасөз- қызметі.