Қарттарым азайып бара жатыр...
Атырау қалалық Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде бас имам Н.Сүндетовтың ұйымдастыруымен «Геолог» және «Қайыршақты» ауылдық округінің қарттары үшін арнайы дастархан жайылды.
Емен-жарқын әңгіме құрылған дастарханда ақсақалдар жас буын арасындағы діни тәрбие мәселесін көтерді. «Аптасына немесе айына бір рет үлкендер мен жастардың басын біріктірген дастархан ұйымдастырылса» деген ұсыныс білдірген жамағатқа қасиетті Құран кітаптары үлестірілді.
Атырау қалалық Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің баспасөз қызметі.