Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған жатақхана жұмысымен танысты

Атырау өңіріне арнайы сапармен келген Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған жатақхана жұмысымен танысты.

Заман талабына сай жабдықталған жатақхананың залдарын аралап көрген ұстаз онда тұрып жатқан студент жастармен де сұхбат құрды. Дүниелік ілім мен ахиреттік ілімді құстың қос қанатындай қатар алып жүрудің маңызына тоқталған ұстаз патриотизм, Отанды сүю, жүрекке иман ұялату тақырыптарында уағыз айтты.

Әсерлі сұхбат ақ дастархан басындағы емен-жарқын әңгімеге ұласты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға