Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы мешіт жамағатымен кездесті

Атырау өңіріне бірнеше күндік жұмыс сапарымен келген Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы облыс орталығына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы мешіт жамағатымен кездесті.

Сансызбай Құрбанұлы еліміздегі діни саясат, мүфтият алдында тұрған мақсат-міндеттер туралы кеңінен баяндады.  Дін мен дәстүр сабақтастығы, мемлекеттің, мемлекеттік шекараның маңызы, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы исламның ролі жөнінде уағыз айтқан ұстаз жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Әсерлі әңгімеден кейін, жамағаттың барлығы өкіл имам Батыржан Мансұровқа ұйып, құптан намазын оқыды.

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі. 



Жоғарыға