Атырауға Мүфтияттың Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев келді
Атырауға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев жұмыс сапарымен келді.
Мүфтият өкілі күрделі жөндеуден өткен орталық «Иманғали» мешітінің ішкі жұмыстарын аралап көріп, облыстың бас мешітіне қарасты Атырау қаласының Балықшы кентінде орналасқан медресе жанындағы жатақхана тынысымен танысты.
Жатақхана бүгінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттер үшін қызмет көрсетуде. Оқу, білім алу үшін жан-жақты жағдай жасалған жатақханада студенттер үш мезгіл ауқатпен де қамтамасыз етіліп отыр. Осы мақсатта арнайы аспаз да қызметке алынған.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровпен бірге жастардың жағдайымен танысқан мүфтияттың бөлім меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев жан-жақты білім алудың маңызы, жүректегі имандылық, Отанды сүю тақырыптарында тағылымды сұхбат жүргізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.