Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Әт-тақуа» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Желтоқсанның 13-і күні Атырау қалалық «Әт-тақуа» мешітінде ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың  туған айы – Мәуліт мерекесіне орай «Адамзаттың абзалы – Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани-танымдық шара өтті.

Айта кету керек, "бұл – «Әт-тақуа» мешітінің Мәуліт мейрамына байланысты ұйымдастырып отырған ең алғашқы шарасы». Пайдаланылуға 2003 жылы берілсе де, мешіт тарихында тұңғыш рет Мәуліт кешін өткізіп, мешіт жамағатымен бірге пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау туралы бірінші болып бастама көтеріп отырған бас имам Өсімхан Аманбайұлы шараны ашу барысында осылай деді. Және алдағы уақытта дәстүрлі түрде тұрақты өтіп тұратынын айтты.

Алыс-жақын жамағаттың басын қосқан дастархан басындамешіт найб имамы,теолог Серікжан Еншібайұлы адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айналасын сеніміділігімен тәнті етіп, көркем мінезімен баураған ізгі қасиеттері туралы уағыз айтып, өнегелі өмірінен мысалдар келтірді.

Теолог сөзін жалғаған бас имам Өсімхан Аманбайұлы «Көркем мінезді толықтыру үшін жіберілген» пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  өнегеге толы мүбәрак өмір жолынан үлгі алып, мінезді көркемдеу, сүннетіне сай амал етіп, салауат айту – ардақты елшінің (с.ғ.с.) шапағатына қауыштыратын ізгі қасиет екенін айтты. Сондай-ақ, жамағатты пайғамбарын (с.ғ.с.) сарқылмас сағыныш, асқақ махаббатпен әр дайым естен шығармай, сүннетінде шектен шықпас ізгі, салих құлдардан болуға шықырды.

Шара соңында «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары» атты дұғалар кітабы және ардақты елшінің «Қоштасу құтпасы» жазылған естелік бетшелер (буклет) жамағатқа сыйға тартылды.

ҚМДБ Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі, «Әт-тақуа» мешіті 

Жоғарыға