Жұлдыз елдімекенінің мешіті жаңартылуда
Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қ. Мұңайтпасов атындағы мешітте ішкі жөндеу, сылақ, сонымен қатар, қайта жобалау жұмыстары жүріп жатыр.
Ғибадат үйіне жақында ғана бас имамдыққа тағайындалған Артық Жұмабекұлының хабарлауынша, қазіргі таңда мешітте бас имам, наиб имам және ұстаздар үшін арнайы жеке жұмыс бөлмелері жасалуда. Сондай ақ, Құран оқитын зал да жаңартылды.
Ал, жамағаттың атсалысуымен әжетханаға төсемдер төселіп, дәрет алуға барлық жағдайлар жасалды.
Айта кетелік, жұлдыздықтар үшін үзіліссіз қызмет көрсетіп отырған мешіт үйі төрт жүз орынға шақталған.
Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов»
мешітінің баспасөз қызметі