Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құспан молла мешітінде жамағат үшін дәрістер өтеді

«Ұстазға шәкірт бола білу ең үлкен нығмет». Осындай тақырыппен Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров жамағат алдында тағылымды уағыз айтып, құлшылық үйі жанынан арнайы сабақтардың ұйымдастырылатынын хабарлады.

Жақында ғана жаңартылған ғимаратта жұмысына кіріскен мешітте жамағатқа арналған дәріс Шам және Құптан намазынан кейін өтеді. Белгілі болғанындай, қазіргі таңда мешіт ұжымы дәрістерді «Құран Кәрім және Құран әліппесі», «Саңлақ сахабалар» және еркін тақырыпта өткізуді жоспарлап отыр. Діни сауат ашуға ниет білдірген жамағатқа Эммат Сұлтанғалиұлы, Әбдіманап Беркінбайұлы, Нариман Мәжитұлы, Назарбай Базарқұлұлы сынды ұстаздар тәлім беретін болады.

 

Айта кетелік, уағыз барысында "Құран Кәрім әліппесі және тажуид ережелері" кітабы таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Жоғарыға