Батыржан қажы Берденұлы ауыл жастарымен жүздесті
Атырау қаласы, Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Рахметұлының ұйымдастыруымен ауыл жастары Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлымен кездесті.
Батыржан ұстаз жастарды тектілік пен ауызбіршілікке, діндегі бауырластыққа, дәстүрлі діннің алар орны мен негізін түсіне білуге үндеді.
«Махаббат – бауырластық мәселесіндегі ең маңызды қасиеттердің бірі. Сол себепті мұсылмандар өзін жақсы көргені сияқты басқаларын да жақсы көріп, оған жәрдем беруі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді» деп айтқан (Бұһари, Мүслим). Ислам дінінде «Алла үшін жақсы көру», «Алла үшін дос болу» сияқты ұғымдар бар. Бұлар адамдардың арасын түрлі жолдармен біріктіреді, жарастырады. Қазақ халқының арасында «Құдайдан қайтады» деген сияқты сөз тіркестерінің де шығу тегі осындай мағынадағы аят-хадистерге байланысты болса керек» деген Батыржан қажы Берденұлы жастардың жеке сұрақтарына да жауап берді.
Кездесу соңында өкіл имамға мешіт атынан сарқылмас қазына - кітап тарту етілді.
«Мәулімберген» мешітінің баспасөз қызметі.
