Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әжелер мектебі Елбасы бағдарламасын талқылады

Қазақстан Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша  Әйел-қыздар секторының атсалысуымен ашылған Әжелер мектебі «дөңгелек үстел» шарасын өткізді.

 

Шараға арнайы қатысып, кіріспе сөз сөйлеген Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Президент бастамасымен іске қосылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жас буынды Отанды сүю арқылы, елдің дамуына қызмет етуге үндейтінін айтып өтті.  «Және бір ерекшелік, аталмыш бағдарлама - жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы, таным белсенділіктерін арттыруға бағыттайды. Осы жерде,  Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың дін қызметкерлері арасында тастаған «Өзгеруді өзіңнен баста»  ұранының маңызы жөнінде айтып өткеніміз ләзім. Рухани ұстазымыз айтып өткеніндей, егер бір адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» деген облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Елбасы бағдарламасын насихаттаудағы, жалпы, ұрпақ тәрбиесіндегі аға буынның, әже-аналардың ролі туралы кеңінен әңгімеледі.

 

Шара барысында мешіт шәкірті болып табылатын адвокат Айсұлу қажы Қайырқызы бас баяндама жасап, мақаланың мәнісін толықтай түсіндіріп өтті. Шара соңы «Әжелер мектебінің» қатысушылары тарапынан қойылған  сұрақ-жауапқа ұласты.

Айта кету керек, шараны Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенова мен мешіт ұстазы Айжарқын Тузелова  ұйымдастырды.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.


 

Жоғарыға