Жастар - ел болашағы
Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон елді-мекенінде «Жастар - ел болашағы» атты кездесу болып өтті.
№22 және №23 жалпы орта білім беретін мектептерде өткен жиынға Жаңа Қаратон кентінің әкімі Қ.Сағынбайұлы, «Нұрқас - Сатыбалды» мешітінің имамы А. Сарсекеев, ауыл әкімшілігінің жастар жөніндегі қоғамдық төрағасы М. Адилов, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің полиция аға лейтенанты Р. Жаналинов қатысты.
Ұстаздар және оқушылармен арада өткен кездесуде «Нұрқас - Сатыбалды» мешітінің имамы А. Сарсекеев дәстүрлі ислам дінінің артықшылығы, исламдағы бала тәрбиесі, тәрбие, ата-ананың бала алдындағы міндеттері туралы кеңінен ой қозғады. Талай елдің жас буынын адастырып жүрген уахабизм мен салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс-тәсілдерін ашып көрсеткен имам жастарды зымырап өтіп жатқан уақытты тиімді пайдалана білуге шақырды.
Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз-қызметі.
