Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам әйел жамағаты үшін айлық уағыз жүргізді

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров мүфтияттың Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша  Әйел-қыздар секторымен біріге отырып, нәзік жандылар жамағатына айлық уағыз-насихат жүргізді.

«Құрандағы жүрек тәлімі» тақырыбымен жүргізілген насихат барысында өкіл имам шынайы мұсылманның сипаттары, жүрек тазалығы, рухани кемелдік, бақытты отбасын құрудағы әйелдің ролі, иманды ұрпақ тәрбиелеудегі ананың миссиясы мәселелері төңірегінде салиқалы сұхбат құрды. Елуге жуық шәкірт қатысқан рухани диалогты мүфтияттың Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенова ұйымдастырды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға