Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Алланың махаббатына лайықтылар» атты рухани-танымдық кеш өтті

Орталық «Иманғали» мешітінде «Алланың махаббатына лайықтылар» атты рухани-танымдық кеш өтті. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша  Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенованың ұйымдастыруымен өткен шарада пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті бойынша шәкірттерге берілген тапсымалар қорытындыланды.

Талап бойынша,  екі шәкіртті бір-бірімен жақынырақ таныстырып, араларындағы достық, бауырмашылдық қасиетті одан әрі арттыру көзделген болатын. Тапсырма негізінде белсенділік танытқан шәкірттерге сыйлық ретінде кітаптар үлестірілді. Шара барысында қатысушылар мектепке жаңадан қадам басқан шәкірттерге де  сәттілік тіледі.

Одан әрі рухани кеш  уағыз-насихатқа, түрлі танымдық ойындарға жалғасты. Исламның ең басты шарты - рухани тазалық пен адамдар арасындағы бауырластық қарым-қатынасты арттыру десек, осынау ізгілікке бастайтын танымдық кешке мешіттің елуге жуық шәкірті қатынасты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға