«Алтын тәж» кеші ұйымдастырылды
Ислам дінінің Конституциясы болып табылатын қасиетті Құран-Кәрімді өз бетімен жүргізіп оқуға машықтанған шәкірттер арасында «Алтын тәж» атты рухани-танымдық кеш өтті.
Отыз шәкірт қатысқан танымдық кешті Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұстазы Айжарқын Тузелова ұйымдастырды. Кеш барысында шәкірттер бір-бірімен Құран оқудағы білген-түйгенімен, тәжірибесімен бөлісті. Одан әрі уағыз-насихатқа ұласқан кеш соңында шәкірттер құрметіне дастархан жайылды.
Басты жаңалық сол – өз білімімен өзгеге үлгі болған шәкірттерге танымдық кеш барысында қасиетті Құран кітабы сыйға табысталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.