Ақылбек Құрманғалиев - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы
Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітке наиб имам тағайындалды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен жаңа қызметке кіріскен Ақылбек Құрманғалиев Орал медресесінің түлегі.
2012-2015 жылдар аралығында аталмыш медресені аяқтағаннан кейін Ақылбек Идиятұлы Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөкей орда ауданында наиб имам қызметін атқарған. Кейін 2016-2017 жылдары аталмыш облысқа қарасты Казталовка ауданында еңбек етіп, асыл дінімізді насихаттау, халық ағарту жұмыстарына өз үлесін қосқан.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.