Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шәкірттер фитнес орталықта жаттықты

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел шәкірттер үшін денешынықтыру сағаты өтті.

Орталық «Иманғали» мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер үшін Атырау қаласы Авангард 4-ші ықшамауданда орналасқан «Cosmolife» әйелдер фитнес орталығында шәкірттер түрлі дене жаттығуларымен айналысты.

Салауатты өмір салтына арналған шеберлік сағатында қыз-келіншектер степ-аэробика бойынша жаттығу қимылдарын үйреніп, дұрыс тамақтану тақырыбында кеңестер  алды. «Шара барысында қыздарымыз үшін арнайы тренер шақырылды. Осындай деңгейдегі спорт шараларын енді ай сайын ұйымдастырып отыру жоспарымызда бар. Шәкірттеріміз фитнес орталықтағы сауықтыру сағатын жақсы қабылдады» дейді  жауапты ұстаз Зарина Жукенова.

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға