Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...
Көктемнің алғашқы мерекесі – «Алғыс айту» күніне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешіті қарттар мен балаларды жинады.
Ақ дастархан басында бас қосқан жамағатқа Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров үлкенді сыйлау, құрметтеу, бауырмашылдық, алғыс сезімін білдіру тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Одан әрі шара тағылымды сұхбатқа, ақсақалдардың ұлағатты әңгімесіне, батаға жалғасты.
Айта кетелік, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет «Алғыс айту» күнін мерекеледі. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, бұл күн - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Сондай ақ, «Алғыс айту» күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болып табылады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.