Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құспан молла мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Астын сызып айта кетерлігі сол, жәрмеңкеден түскен қаражат аз қамтылған, мұқтаж отбасыларға үлестірілді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторына қарасты "Құспан Молла" мешітінің ұстазы Бибінұр Өрбісінованың ұйымдастыруымен өткен шарада  шәкірттердің қолымен жасалған түрлі тұрмыстық бұйымдар мен үй жағдайында дайындалған кондитерлік өнімдер саудаға қойылды.

«Жәрмеңкеге қала тұрғындары ықыласпен қатысты. Адамдардың басқаға көмектесуге деген ерекше ынта-жігеріне разымыз» дейді ұйымдастырушылар.

Шариғатымызда Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адамның мол сауапқа ие болатындығы айтылады. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен хадистердің бірінде «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық» деп келетін жолдар әр мұсылманның өмірлік ұстанымы болуы тиіс.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға