Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті үлестірілді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Ұлт пен ұлттың, адам мен адамның арасындағы бауырмашылдық, ізгілік қасиеттерін нығайта түсетін бірден-бір мереке, «Алғыс айту күні» аясында, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында көп балалы, аз қамтылған және мүгедек категориясындағы он бес отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді. Онда әлеуметтік маңызы бар азық түрлері топтастырылған.

Бесін намазынан кейін ұйымдастырылған шара барысында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы жиналған жамағатқа «Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы әңгімелеп, мұқтаж жандардың жалғыз емес екендігін, оларға қашанда қолдау  болатынын айтты. «Табысын бөлісу адамдарды ғана бір-біріне жақындатпайды. Біз сол арқылы Аллаға да жақындай түсеміз. Бірақ, Ғалам иесіне  өзімшілдік пен сараңдықтан арылғанда ғана жақындай аламыз. Яғни, жомарттық қана пендені Аллаға жақындатады» дейді ұстаз Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 



Жоғарыға