Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Халықаралық орамал күні атап өтілді

Халықаралық орамал күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенованың ұйымдастыруымен орталық «Иманғали» мешітінде ауқымды шара өтті.

Қыз - келіншектердің, әйел аналардың басын қосқан тағылымды шара шариғаттың шәлісінің Алладан берген үлкен сыйлық екенін көрсетуді мақсат тұтты.  «Әйел адамға орамал тағудың парыз етілу себебі неде? Ақ жаулық тіркесінің астарында қандай мағына жатыр?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғалған шара соңында шәкірттер ұлттық нақыштағы киімдер, күнделікті және кеңсе киімдерін орамалмен әрлеп, сән үлгісін көрсетті. Сондай ақ, орамалды сәндеп тағудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Айта кетелік, халықаралық орамал күні – дүниежүзі мұсылмандарының үлкен қолдауына  ие болған мереке. Бұл күні әлемнің көптеген қыз-келіншектері бір күн бойы орамал тағып жүріп, мұсылман әпке-сіңлілеріне қолдау көрсетеді. Бұл күнді атап өту идеясын Бангледеште дүниеге келген Назма Кхан атты мұсылман қызы ұсынған.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Жоғарыға