Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз шәкірттерге гүл сыйлады

       1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенова өзі тәлім беріп жүрген шәкірттерге гүл сыйлап, қуантты.

            Зарина Жукенова орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан сауат ашу курсының үш тобына ұстаздық етеді. Көктем мезгілінің алғашқы мерекесінің құрметіне ұстаз 35 шәкіртке гүл табыстап, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Иман - мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді. Біріншіден, Аллаһқа иман келтіру. Екіншіден, періштелерге иман келтіру. Сондай ақ, қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур), Пайғамбарларға, Ақырет күніне және Тағдыр мен қазаға иман келтіру» деген  ұстаз Аллаға жақындау жолында білім іздеп, сауат ашуға талпынып жүргендері үшін шәкірттеріне алғысын осындай жолмен жеткізді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға