Мұқтаж аналарға көмек көрсетілді
Алғыс айту күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенованың ұйымдастыруымен, орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан сауат ашу курсының шәкірттері бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен жалғызілікті қарттарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Мұқтаж жандарға азық-түлік пакетімен қоса, гүл сыйлап, мерекемен құттықтаған шәкірттерге аналар шынайы алғыс сезімін білдіріп жатты. «Осынау тамаша мерекеде гүл сыйлап, көңілімізді марқайтып тастағандарыңыз үшін мың рахмет» деп бата берген аналар, ізгі іске бастамашы болып жүрген Әйел-қыздар секторына ризашылықтарын жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.