Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Дін ислам – діңгегім

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон елдімекеніндегі №23 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен кездесу болып өтті.

            Шара барысында «Нұрқас – Сатыбалды» мешітінің имамы А. Сәрсекеев дәстүрлі ислам дінінің қоғамды дамытудағы ролі, исламдағы бала тәрбиесі, ата-ана алдындағы перзент парызы, ұлттық сана тақырыбында сұхбат өргізді. Және кездесу аясында оқушыларға жат ағымдардың негізгі қателіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Білім – адамзат баласының қоршаған ортаны тануға, білуге, меңгеруге деген ұмтылысы. Жаратушы Алла Тағала аманат еткен ислам діні ғылым мен білімге ерекше құрметпен қарайды. Дін ислам біліммен және ғылыммен айналысуды жоғары бағалайды және ғалымдардың дәрежесін биік тұғырға қояды. Ислам діні бойынша ең көркем бейнеде жаратылған адам баласы өзін оқу, білім алу арқылы дамытуы керек. Өйткені, оның күш-қайраты, ынта-жігері мен қабілеттері құнды, бағалы саналады» деп атап өтті имам А. Сәрсекеев.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға