Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Жаназа және жерлеу» рәсімдері бойынша дәріс оқылуда

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте «Жаназа және жерлеу» рәсімдері кітабы бойынша насихат дәрісі басталды.

Өткен жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен жарық көрген еңбекте халық арасында атқарылатын кәделерді біріздендіру мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай, жамағат арасында басталған дәрісті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы ашып, шараның маңыздылығы туралы тоқталып өтті. «Жаназа шарттарының өзіндік тәртібі бар. Әрбір мұсылман баласы мұны білуі керек» дейді бас имам.

Дәрісті аталған мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев жүргізіп, марқұмды оң жаққа жатқызу, жуындыру, пәктеу, кебіндеу, ақтық сапарға шығарудың тәртібі туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Насихат жұмысы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға