Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам мешіт жұмыстарын тексеруде

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров орталық мешіттің имамдарымен бірге, қала және қала маңындағы ауыл мешіттерін аралауды бастады. Ондағы мақсат – мешіттердің бүгінгі тыныс – тіршілігімен, ішкі ұйымдастыру жұмыстарының жайымен танысу.

Мәселен, Атырау қалалық Құспан молла мешіті және Жұлдыз ықшамауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітке барған Бас имам бастаған топ бесін және құптан намаздары алдында айтылатын уағыздардың тақырыптарын саралады. 

Мешіттің кіріс және шығыс құжаттары, жалпы іс-қағаздарының жүрісі зерделеніп, облыстың Бас имамы Батыржан Мансұров мешітке келушілерге этикалық тұрғыда сапалы қызмет жасау бағытында тапсырмаларды жүктеді.  Сондай ақ, бас имамдардың, наиб имамдардың, ұстаздардың, жалпы, мешіт персоналдарының қызметтік міндеттемелері тағы бір мәрте талқыланып, тазалық жұмыстары да назарға алынды. Мешіт жұмыстарын зерделеу жалғаса түсетін болады. 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға