Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар Алла үйінің тазалық жұмыстарын жүргізді

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды.

Облыстың бас мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» ұйымының белсенді мүшелері құлшылық үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қайырлы істің себепкері болды. Алғыс айту күніне орайластырылған сенбілік аясында жастар осылайша жамағатқа бірлікте болудың үлгісін көрсетті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.


Жоғарыға