Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Өкіл имам Атырау қалалық Әт-Тақуа мешітіне нақты міндеттер жүктеді

Бұған дейін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров орталық мешіттің имамдарымен бірге, қала және қала маңындағы ауыл мешіттерін аралауды бастағанын хабарлаған болатынбыз. Кеше өкіл имам Атырау қалалық «Әт – Тақуа мешітіне» барып, ондағы жұмыс барысын тексерді.

Мешіттің ішкі тәртібінің сақталуы, іс-қағаздары, құжаттар, жамағат есебінен түсетін садақа қаражатының мақсатты жұмсалуы, мешіт ғимаратының ішкі және сыртқы күтімі мәселелерін тексерген  Бас имам Батыржан қажы Берденұлы нақты тапсырмалар жүктеді.

Оның ішінде, мүфтият тарапынан жүзеге асып жатқан дін саласындағы жаңалықтарды нәтижелі жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.|


Жоғарыға