Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ақсақалдардың батасын алды

Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен ақсақалдар кездесу өтті. Тасқала ауданы, «Кең өзек» ауылдық округінің бір топ ақсақалдары жиналған кездесуді «Алғыс айту» күнінмен орайластырған   дін қызметкері Мақсот Бағытжанов адамгершілік, бірлік тақырыбында уағыз айтты.

 

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сара жолы бойынша «қарт пен ғалымды сыйлау» баршамызға міндет. Исламға әу бастан жаны жақын қазақ – үлкенге де, кішіге де құрмет көрсетіп, ізет білдіріп, ізгілікке ұмтылған, «төріңнен қарт кетпесін» деген ғибратты сөзді қашан да жадында ұстаған. Бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылықты жете түйсінген  халық қашанда үлкенді сыйлауда тәспісінен жаңылмай, жас ұрпақты үлкендерді құрметтеуге міндеттеп отырған» дедібас имам  Мақсот Бағытжанов кездесу кезінде.

 

Шара соңында ақсақалдар бата берді.

«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.



 

Жоғарыға