Аналарға құрмет көрсетілді
Атырау қалалық Құспан молла мешіті аналарға құрмет көрсетті. Құлшылық үйі жанынан ашылған сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірт аналардың басын қосқан Құспан молла мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров кездесу барысында ислам дініндегі әйел-аналардың роліне, маңызына тоқталды.
«Ана - баланың алғашқы мектебі» деген сөзді білеміз, себебі сәбилік кезеңдегі ананың рөлі өте үлкен. Яғни, ана баланың мінез-құлқы мен тәрбиесінде маңызды роль атқарады. Адамзат тарихындағы барлық дана, ғұламалар, ғалымдар, сахабалар олардың барлығы да анасының қолында өскен сәбилер болған. Барлығының бастауы – Ана» деп атап өтті Бас имам Эммат Ғұмаров.
Кездесу соңында шәкірт аналардың барлығына «Тәпсір тұнығы» және «Дін мен дәстүр» кітаптары тапсырылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
